Қариды құрметпен шығарып салды (ФОТО)

22 наурыз 2019 566 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен,  Жұманазар Өсерханұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметінен босытылып, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне наиб имамы қызыметіне ауысқан болатын. Осыған орай, қасиетті жұма күні Астана жамағаты белгілі қари Жұманазар Садырхановты құрметтеп шығарып салды. 

Жұма намазына арнайы келіп, жұма уағызын айтқан ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің жетекшісі белгілі исламтанушы, ұстаз Сансызбай Құрбанұлы  жиналған жамағатты ұлыс күнімен құттықтады. Сонымен қатыр, Жұманазар Өсерханұлының атқарған еңбегіне тоқтала келе арнайы Бас мүфтидің алғыс хатымен марапаттады. 

Батагөй Ғабдрақман ақсақал кетіп жатқан имамға рақметін айтып қазақы дәстүрге сай иығына шапан жапты. Жаңа қызметке тағайындалған Бас имам Нұрлан Бекболатұлына сәттілік тіліп, батасын берді. 

Дереккөз: «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер Кіру