ҚАСИЕТТІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

28 маусым 2023 1518 0
Оқу режимі

Бүгін исі мұсылман жұртының ұлық мерекесі – қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды. Төрткүл әлемнің түкпір-түкпірінде бүгін айт намазы оқылып, сауапқа толы мереке өз бастауын алды. Атам заманнан айт мерекесін айрықша қадірлеген қазақ елі де бүгін таңмен таласа тұрып, құлшылық ордаларына ағылды. Еліміздегі аумағы атшаптырым алып мешіттердің өзі бұл күні жамағатқа лық толып, тіпті мешіт ауласында да орын қалмайды. Көз сүйсінткен бұл көрініс халқымыздың имандылығының, асыл дінімізге деген сүйіспеншілігі мен құрметі тәрізді.

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешіті де әдеттегідей таң намазынан соң жамағатқа лық толып, айт намазында мыңдаған мұсылман сап түзеді. Келуші жамағатқа ҚМДБ төрағасының оырнбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы қасиетті Құрбан айт мерекесі жайлы қысқаша уағыз айтып, құрбан шалудың негізгі шарттарын түсіндіріп өтті.

Бұдан соң Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов жамағатқа айт намазының оқылуын тәртібін түсіндіріп, имамдыққа шықты. Жамағатпен бірге тәкбір-ташриқ айтылып, айт құтпасы оқылды. 

Намаз соңынан жамағатпен бірге дұға жасалып, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы еліміз бен жеріміздің амандығын тілеп бата берді.

https://sun9-2.userapi.com/impg/EwXijVEKMqmfFGTBiPAUzlLCvVOpWU-iXgZkQg/TTqApTVp6Jo.jpg?size=1280x853&quality=95&sign=304296836687c1ebd19d2adee364c87c&type=album

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру