Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты (ФОТО)

22 наурыз 2019 278 0
Оқу режимі

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

Елбасы мен Қазақстан Президенті елорда қонақтарын және тұрғындарын, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

 

Дереккөз: akorda.kz

Пікірлер Кіру