Қажыларға қатысты ереже қатаңдатылады
05 ақпан 2024
1792
0
Оқу режимі
Биыл тек жаңа үлгідегі биометрикалық шетелдік төлқұжаты (жарамдылық мерзімі он жылға шақталған) бар адамдарға ғана қажылыққа жіберіледі.
Биыл Саудия билігі қажылық визасы бойынша келуді қатаң бақылауына алады. Туристік визамен келіп, қажылықтың жөн-жоралғысын орындағандарға айыппұл салынады. Қажылыққа қатысты барлық процесті цифрландыру аясында бұқараның логистикасын сауатты ұйымдастыру, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қасиетті орындарға ниеті басқа біреулердің келуіне жол бермеу шаралары қолға алынады.
Бұдан бөлек, ықтимал радикалды насихаттардан қажыларды қорғау шарасы да қарастырылған. Биылғы қажылық маусым айының 15-19 күндері аралығына тұспа-тұс келеді.
Дереккөз: islam.kz
Пікірлер
Кіру