Қажылық жасаушыларға вакцина қабылдауды ұсынып отыр

13 қаңтар 2021 3830 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясы королдігінің Қажылық және умра министрі Мухаммад Салех Бентен қасиетті мекенге келушілердің коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауларын ұсынып отыр. Министр өз мәлімдемесінде корольдік аумағында індеттің алдын алу және таралуына тосқауыл болатын шаралардың қатаң сақталатынын Жеткізді. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда Мекке қаласының толық қауіпсіз екенін атап өтті.

Қасиетті мекенге келген әрбір жан (18 бен 50 жас аралығы) арнайы қашықтықты сақтап, бетперде тағуға және дезинфекциялық құралдарды қолдануы тиіс.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру