Қажылықтан қайтқан иемендіктердің автобусы өртеніп кетті

05 қыркүйек 2018 5808 0
Оқу режимі

Қажылық сапарынан қайтып келе жатқан иемендіктердің автобусы Абья провинциясының Эль-Уркуб ауданында ойламаған жерден өртке оранып, қайғылы жағдай орын алды.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз күйде қалып отыр. Тілсіз жау кесірінен екі адам қайтыс болып, 36 қажы зардап шеккен. Бұл жайында Абья провинциясының қауіпсіздігі жөніндегі директоры әл-Хадра Әли ан-Нуба мәлімдеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру