ҚазҰУ Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университет қатарына енді (ФОТО)

15 желтоқсан 2018 8322 0
Оқу режимі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) рейтингісінде Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы 20 үздік университеттер қатарына еніп отыр. Қазақстан университеттерінің қара шаңырағы саналатын Ұлттық оқу ордасының әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде де жоғары бәсекеге қабілеттілігін халықаралық ұйымдар сараптамасы дәлелдеп отыр.

Рейтинг сауалнамаларында университеттер тарапынан жүргізілген академиялық зерттеулердің саны және әлемдік беделі ескерілген. Айта кетейік, аталмыш рейтингте ҚазҰУ 19-орынды иемденген. Ал, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік 300 жоғары оқу орындарының қатарына қазақстандық 25 университет қана енген екен.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір жоғары оқу орны. Университет құрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк қызмет атқарады: 2000-нан астам профессор, докторлар, ғылым кандидаттары мен философия докторлары, 100-ден астам академиялардың академиктері, 30-ға жақын Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан астам Қазақстан Республикасының мемлекеттік және атаулы сыйлығының лауреаттары, сондай-ақ 40 жас ғалымдар сыйлығының лауреаттары мен 45 мемлекеттік ғылыми стипендиялардың стипендианттары еңбек етеді. Университетте 25 мыңнан астам білімгер мен көпсалалы жоғары кәсіби білім жүйесі бойынша магистранттар білім алуда. Бакалавриатта - 87, магистратурада – 98, докторантурада – 83 мамандық бар.

Дереккөз: Ернар Мәжен, ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, Мәдениеттану және дінтану кафедрасының 2-курс PhD докторанты , Мухитдинов Р.С. ҚазҰУ доценті

Пікірлер Кіру