ҚМДБ: Биыл 5 922 сұраққа жауап беріліп, 11 пәтуа қабылданды (ФОТО)

27 желтоқсан 2018 8033 0
Оқу режимі

2018 жылы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары 5 922 адамның сұрағына жауап берген. Сұрақтардың басым бөлігі www.fatua.kz сайтына келіп түскен. Жеке пәтуа сұрап келген адам саны 1750-ге жеткен. Ал мүфтиятқа қоңырау шалып, көкейде жүрген сауалына жауап алған азаматтар саны – 1590.

Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының айтуынша, «құрсақтағы баланың кемістігін анықтау мен емдеудегі заманауи әдістерді қолданудың үкімі», «делдалдық қызметтің үкімі», «болашақ баланың жынысын таңдаудың үкімі», «валюта курсының өзгеруіне байланысты қарызды қайтарудың үкімі», «кәріз суларын тазалағаннан кейін қайта қолданудың үкімі», т.б. мәселеде 11 пәтуа мен ҚМДБ-ның ұстанымы қабылданған.

Сонымен қатар, 160 имам қызметтік сараптамадан өткізілген. Бұдан бөлек 422 имам-ұстаз аттестациядан өткен. 43 кітапқа сараптау жұмысы жүргізілген.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру