ҚМДБ ИСЛАМ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

14 наурыз 2025 84 0
Оқу режимі

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Ислам ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық кітапхана арасында ынтымақтастық жөнінде ортақ меморандумға қол қойылды.

Институт директоры Төрәлі Қыдыр мен Ұлттық кітапхана директоры Ғазиза Құдайбергенқызымен кездесіп, алдағы жоспарлар жөнінде сұхбаттасты.

«Ұлттық кітапханада көне қолжазбалар мен ескі кітаптардың мол қоры сақталғаны белгілі. Олардың басым бөлігін руханиятымызға арналған жәдігерлер құрайды.

Дәстүрлі діни құндылықтарымызды насихаттауда сол рухани мұралардың алар орны ерекше. Бұйыртса, ғасырлар қойнауынан жеткен сол дүниелерді жариялау жоспарымызда бар» дейді институт директоры, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру