ҚМДБ: Пәтуа мәселесіне арналған алқалы жиын өтті (ФОТО)

13 қараша 2019 5986 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен пәтуа және шариғат мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Басқосуға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, бөлім басшылары, Салттық қызмет көрсету бюросының өкілі Нұрболат Шайхисламұлы, Нұр-Сұлтан қаласының имамдары қатысты. 

Алқалы жиынды ашқан наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мұсылман зиратының әдептері мен талаптарын қалыптастырудың маңыздылығын баяндады. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев діни рәсімдерді атқару ісінде мүфтияттың жұмысына айрықша тоқталды.

Пікір алмасу форматында өткен кездесуде имамдар зиратты аралау мәдениеті, жерлеу рәсімдері, ас беру шаралары кезіндегі ысырап, ас мәзірін бекітудің қажеттілігі, жаназа намазын мешітте оқудың артықшылығы туралы өз ойларын ортаға салып, нақты ұсыныстар білдірді.

Кездесу соңында ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораздың бастамасымен шыққан «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітапта көрсетілген қағидалар мен пәтуаларды халыққа насихаттау қажеттігі сөз болып, ортақ ұйғарым жасалды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру