ҚМДБ Қажылық миссия мүшелерінің жиыны өтті

13 шілде 2019 4443 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Қажылық миссия мүшелері «Қажылық-2019» маусымын ұйымдастыру мәселесін ортаға салып, пысықтады.

Жиынға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы А.Әділбаев, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Ж.Бекжігітов, Қажылық миссия уағыз-насихат тобының жетекшісі А.Ұтысхан, Қазақстан қажылық миссиясының бас дәрігері Б. Досмаилов және 18 туристік фирманың басшылары қатысты.

Бас дәрігер Б.Досмаилов отандық қажыларға медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеруді ортаға салды. Ж.Бекжігітов Сауд Арабия Корольдігінің дәрілік заттар мен тамақ өнімдерін бақылау басқармасының нұсқаулығымен және қасиетті мекенге алып шығуға рұқсат етілген дәрілер тізімімен таныстырды.

Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы А.Әділбаев Әуе жолымен жүк тасымалдаудың «Қажылық-2019» маусымындағы нұсқаулықтарымен таныстырып, отандық қажылардың сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетер болсақ, Қазақстан қажыларын «Flynas» және «Scat Airlines» әуе компаниясы тасымалдайтын болады, қажылардың алғашқы тобы шілденің 30 күні аттанбақ. Ал6 қайту уақыты тамыз айының 17-23 күндері аралығына жоспарланып отыр. Сондай-ақ әуе компаниялары әуе жолымен жүк тасымалдау ережелері мен шарттарын да қатаң сақтайтындарын айтты.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру