ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АРАЛ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

30 қыркүйек 2022 2054 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Арал ауданында қалалық мешіт іргетасын қалады.

Бас мүфти: «Іргетасы қаланған жаңа мешіт осы өңірдің рухани дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін. Құлшылық ордасы дініміздің ғана емес, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымыздың кеңінен дәріптелуіне ықпал етеді. Алла Тағала халқымызға, еліміз бен жерімізге берекесі мен жақсылығын жаудырғай» деп дұға етті.

Қасиетті жұмада іргетасы қаланған мешітте бір мезетте 1000 адам мұсылмандық парызын өтей алады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру