ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСУДА (ФОТО)

13 желтоқсан 2023 985 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәскеу қаласында басталған ХІХ Халықаралық мұсылмандар форумына қатысуда.

Форум «Рухани-адамгершілік құндылықтарды және бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда дін лидерлерінің рөлі» тақырыбында өтуде. Форум бағдарламасы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасайды.

Айта кетсек, ХІХ Халықаралық мұсылмандар форумына мұсылман елдерінің дін қайраткерлері мен ғалымдары қатысуда. Басқосу соңында форум қарары қабылданады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру