ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КУБА ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

21 желтоқсан 2022 1497 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласында Куба Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Оскар Сантана Леонды өз өтініші бойынша қабылдады.

Кездесуде Бас мүфти Діни басқарманың бірқатар бағыттар бойынша атқарып келе жатқан жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Өз кезегінде елші Діни басқарманың қоғамдағы рөлі мен орны туралы оң пікірін білдірді.

Басқосуда халыққа бірлік пен бейбітшілікті, адамгершілік құндылықтарды насихаттаудың маңызы сөз болды. Бас мүфти осы бағытта тұрақты түрде елімізде өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері көшбасшыларының съезін айрықша атап өтті.

Кездесу соңында елші арнайы уақыт бөліп қабылдаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру