ҚМДБ төрағасы Өскеменде «Шығыс медиа» орталығының ашылуына қатысты (ФОТО)

07 маусым 2021 3650 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітінде «Шығыс медиа» орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Ашылуы рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Асыл дініміз Исламды насихаттауда ақпарат құралдарының рөлі ерекше. Осы орталықтан ғибратты телеөнімдерді әзірлеп, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыруға үлес қосыңыздар. Сонымен қатар, «Халық арна» эфирін сапалы өніммен толтыруға атсалысып, белсенді қызмет көрсетіңіздер» деп атап өтті.

Орталықтың ашылу рәсімінен кейін Бас мүфти дін мен дәстүр сабақтастығы, елімізде діни журналистиканы дамыту мәселелері жөнінде ойларымен бөлісті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру