ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

28 қыркүйек 2022 1661 0
Оқу режимі

Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қалалық тарихи «Айтбай» мешітінде жамағатпен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, мұсылман үмбетінің рухани тұтастығы, бір мәзһабты ұстанудың маңызы, діни жалаң ұрандарға ермеу, арандатушы діни ақпараттарға алданбау туралы насихат айтты.

Бас мүфти мешіт жамағатын діни мәселеге қатысты сұрақтардың жауабын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғалымдары мен имамдарынан алуға, ресми мешіт қызметкерлерінің кеңесіне жүгінуге шақырды.

Басқосу барысында жамағат көкейде жүрген сұрақтарын Бас мүфтиге қойып, жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру