ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ШАЛҚАР» РАДИОСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ

18 наурыз 2026 52 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Шалқар» радиосының «Бүгінгі сөз» хабарында арнайы қонақ болып, тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында Бас мүфти қасиетті Рамазан айының маңыздылығы, ораза ұстаудың рухани мәні және қоғамдағы бірлікті нығайтудағы орны туралы кеңінен айтты.

Сонымен қатар, алда келе жатқан Ораза айт мерекесіне дайындық, отбасылық құндылықтарды сақтау, кішіпейілділік пен қайырымдылыққа шақыру сияқты маңызды тақырыптарға ерекше тоқталды. Бас мүфти Рамазан айында елімізде атқарылған қайырымдылық жұмыстарға да тоқталып, жамағатты игі істерге үлес қосуға шақырды.

«Қасиетті Рамазан – тек ораза ұстау ғана емес, сонымен бірге жүрек тазалығы мен қайырымдылыққа толы ай. Осы айда мешіттерімізде және қоғамда көптеген қайырымдылық шаралары атқарылды: мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетілді, аз қамтылған отбасыларға, балалар мен қарттарға ерекше көңіл бөлінді. Алдағы Ораза айт мерекесінде де барша мұсылмандар осы ізгі дәстүрді жалғастырып, жақындарына қамқорлық көрсетіп, қоғамдағы татулықты нығайтуға үлес қосуы керек»,- деді Бас мүфти.

Сұхбат соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша отандастарымызды келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.




Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру