ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕНІ НАСИХАТТАУҒА НАЗАР АУДАРДЫ (ФОТО)

18 наурыз 2024 392 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне өткізген жиналыста Наурыз мерекесін дәріптеуге назар аударды.

«Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Наурыз мерекесі мен Ислам құндылықтары өзара үндесетінін атап өтті. Президенттің Жарлығымен биылдан бастап елімізде әз-Наурыздың онкүндігі жарияланды. Бүгін, яғни 18 наурыз – Ұлттық киім күні. 19 наурыз – Жаңару күні. 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. 21 наурыз – Ынтымақ күні. 22 наурыз – Жыл басы. 23 наурыз – Тазару күні. Біз осы бағытта ақпараттық, уағыз-насихат жұмыстарында белсенді жұмыс жасауымыз керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиын соңында Бас мүфти дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру