ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

24 қараша 2022 1460 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жұмысымен танысты.

Оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаев университеттің ауқымды ғылыми жобаларымен таныстырды. Сондай-ақ Бас мүфти әл-Фараби кітапханасындағы 16 мың кітап қоры бар сирек кітаптар мен қолжазбалар қорын және тарихымыздан сыр шертетін залды аралады. Осыдан кейін тараптар ғылым мен білім бағытындағы ортақ жобаларды жүзеге асыруға келісті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру