ҚМДБ: «Зекет қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты семинар өтті

13 қыркүйек 2018 6288 0
Оқу режимі

ҚМДБ жұмысының күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі «Зекет қоры» жұмысын жандандыру әрі дамыту. Осыған орай, «Зекет қоры» 11 қыркүйек күні «Зекет қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты семинар өткізді. Аталмыш семинарға барлық облыстың Зекет өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның  наиб  мүфтиі  Бауыржан Есмахан өзінің жеке тәжірбиесінен зекетке байланысты өте нәзік мәселелерді көтерді.

«Зекет» қорының директоры Омаров Талғат қордың жұмысын дамытуға байланысты «Зекет функциясы» баяндама жасап, ашылғалы отырған «Онлайн зекет» турасында түсініктеме берді.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының өкілі Ермек Тасболатұлы мен Ақмола облысының өкілі Қуаныш Жұмабайұлы да  өз тәжірибелерімен бөлісті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру