ҚМДБ журналистері Президент алғыс хатын иеленді

27 маусым 2020 211 0
Оқу режимі

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ҚМДБ Баспасөз хатшысы, «Мұнара» газетінің шеф-редакторы Ағабек Қонарбайұлы мен «Хикмет» студиясының тілшісі, журналист Еркін Шәкірұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Биыл Бас мүфти Науразбай қажы Тағанұлы ақпарат тарату саласына ерекше көңіл бөліп, хазіреттің бастамасымен арнайы Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі ашылған болатын. Мүфтият және оған қарасты еліміздегі барлық мешіттердің ақпарат жаршысына айналған сайттары мен «Хикмет» студиясы карантин кезінде де жұмысын тоқтатпай, елге танымдық, пайдалы ақпараттар ұсынып келеді.

Енді міне, ҚМДБ ақпарат тарату саласының еңбегі Президент тарапынан бағаланып отыр. Еліміздің БАҚ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін берілген марапат – ҚМДБ-ға қарасты ресми және өкілдік сайттарының, баспасөз қызметкерлеріне берілген баға.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру