Құлаған шіркеу мұнарасы 12 адамды басып қалды

27 қыркүйек 2018 6151 0
Оқу режимі

Таиланд астанасы Бангкок қаласында екі жүз жылдық тарихы бар буддистік шіркеу мұнарасы жөндеу жұмыстары кезінде опырылып түсіп, адамдарды басып қалған. 15 метрлік шіркеу мұнарасы 12 адамды басып қалған. Жарақат алғандардың үшеуі әйел адам болып шықты.

Мұнара сынықтары арасынан жапа шеккендерді тек үш сағат ішінде ғана аршып ала алған екен. Оқыс оқиға салдарынан 11 адам жарақат алып, бір адам көз жұмған.

Іргетасы ХІХ ғасырда қаланған Пхая Тхам шіркеуіне биылғы жылдың мамыр айында жөндеу жұмыстары басталған болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру