«Құрбан айтта қуандыр» жобасы балалар үйінде жалғасты (ФОТО)

22 тамыз 2018 1723 0
Оқу режимі

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Құрбан айтта қуандыр» жобасының келесі шарасы Астана қаласындағы «SOS балалар үйінде» жалғасын тапты. Балалар қалашығындағы 12 үйге «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қанат Қыдырмин бастаған топ арнайы құттықтап, Құрбан айт сыйлықтарын үлестірді.

Жыл сайын жәрдем қолын созып, қайырымдылық шараларынан қалдырмайтын Бас мешіт қызметкерлерін балалар да бірден танып, қуаныштан жамырай жөнелді. Оқу-өнер саласындағы жеткен жетістіктерімен бөлісіп, мәре-сәре болған балалар жүзіндегі қуаныш-күлкі бүгін шынымен де ұлық мереке екенін сезіндіріп, мешіт қызметкерлерінің де мерейін тасыта түсті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Пікірлер Кіру