Құрбан шалынатын орындарда 30-дан астам имам қызмет көрсетуде (ФОТО)

11 тамыз 2019 4681 0
Оқу режимі

Тамыз басталғалы құрбандығын сайлап, пышағын қайрап дайын отырған жұртшылық бүгін айт намазын оқып болысымен құрбандық шалуға арналған арнайы орындарға ағылды. Айта кетейік, мұндай арнайы орындар Елорда бойынша жеті жерге белгіленген болатын. ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен аталмыш жеті орынға арнайы діни қызметкер бөлініп, халық сұранысына орай діни рәсімдерді атқару жүктелгне болатын.

Ірі қара мен қой малының саудасы қыз-қыз қайнаған аталмыш орындарда таңғы сегіздерде басталған қарбалас бүгінге кеш батқанға дейін жалғасатын болмақ. Өкілдік тарапынан бектіліген жауапты қызметкерлер осы аралық ішінде базар басындағы барлық діни рәсімдерді атқарып, халыққа қолғабыс жасайтын болмақ.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру