«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – АМАНАТ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

25 қараша 2023 750 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған семинар өтті. «Қыз тәрбиесі – аманат» тақырыбы аясында өткен семинарға мешіттің әйел шәкірттері мен жамағаты қатысып, қыз баласының шариғат және салт-дәстүріміздегі тәрбиесі жайында тұшымды насихат тыңдады.

 «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Утегенова Мухлиса және Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Нағима Қалшабекқызы қатысушыларға құнды кеңестер айтып, қыз баланың ертеңгі ана екендігін, ұлт болашағы дәл осы аналардың қолында екендігін жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру