РАМАЗАН АЙЫ МЕН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ АЙТЫЛДЫ (ФОТО)

22 наурыз 2023 1982 0
Оқу режимі

Ұлыстың ұлы күні мен қасиетті Рамазан айының кіруіне орай Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Қош келдің, Рамазан! Қош келдің, әз Наурыз» атты концерттік бағдарлама өтті. ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы алғы сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді. Ол Рамазан айының сүйіншісі саналатын насихат жырдың төресі, игі дәстүріміз – Жарапазанды жаңғырту мақсатында ҚМДБ Алматы өкілдігіне «Айтайық Жарапазан елімізге!» атты эстафетаны жолдады. Сондай-ақ, ол өз сөзінде «Жарапазан» сөзі арабтың «Жә Рамадан» - «Рамазан келді!» деген сөзінен шыққанын атап өтті.

Мерекелік шара аясында «Барыс» инструменталды вокалды тобы «Тәуелсіздік» атты патриоттық ән орындап, көрермен рухын оятса, «Серпін»  ансамблі күй күмбірімен елдің жүрегін тебірентті.  

Қос мейрамның құрметіне көрермендерге ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен арнайы дайындалған сыйлықтар таратылып,  балды құрма мен зәм-зәм суы берілді.

Суреттер топтамасын "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру