РАМАЗАН БОЙЫ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫМЕН ҚҰРАН ХАТЫМ ЕТІЛДІ (ФОТО)

20 сәуір 2023 1403 0
Оқу режимі

Елорда төріндегі «Әзірет Сұлтан» мешітінде Рамазан бойы күн сайын Құран оқылып, Рамазанның соңғы күні, яғни, бүгін Хатым дұғасы жасалды.

Бесін намазына тақау уақытта оқылатын Құранды мешіттің наиб имамдары Жұманазар қари Садырханов пен Әділхан Иманәліұлы оқыды. Күніне бір парадан оқылған Құранға жиналған жамағат та ілесіп толық хатым етіп шықты. Күн сайын мешіт ішін әуезді үнімен тербеген қариларымыздың үнін Іnstagram әлеуметтік желісіндегі оқырмандар да тікелей эфир арқылы тыңдап отырды. Бүгінде бұл эфирлер aziretsultanmosque парақшасында сақтаулы.

Айта кетейік, Рамазан бойы мешітіміздегі әр ұстаз өздерінің тұрақты шәкірттерімен Құран Хатым жобасын үздіксіз өткізіп, мешіт ішін Алланың сөзі Құран үнімен нұрландыра түсті.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру