РАНТ мүшесі – Ақтөбе өңірінде (фото)

13 сәуір 2022 2636 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы Мақсатбек Қайырғалиев Ақтөбе облысының имамдарына «Зекет жинаудың заманауи тетіктері» тақырыбында семинар өткізді.

Облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлының ұйытқы болуымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен семинарға аймақтың қала және аудандардың дін қызметкерлері қатысты.

Мақсатбек Қайырғалиев семинар барысында зекет берушілермен кері байланыс жолдарына тоқталды. Сонымен қатар PR әрекеттер алгоритмін атап өтті. Одан өзге сарапшы еріктілермен тығыз жұмыс мәселесін де тілге тиек етті.

Шара қорытындысында тақырып  аясында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік нұсқаулық көрсетілді және семинарға қатысқан имамдарға сертификат табысталды.

Бұдан кейін РАНТ мүшесі «Nurgasyr.kz» медиа студиясында қонақ болып, сұхбат берді. «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында Ақтолқын Тажиковаға «Зекет – бес  парыздың бірі» тақырыбында, ал «Зекет және қайырымдылық қорының» аймақтағы жауапты өкілі Алмат Әлиге «Рамазан – қайырымдылық айы» тақырыбында сүбелі сұхбат беріп, зекет және қайырымдылық  т.б аясында сұрақтарға тұшымды жауап берді.

Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында республика бойынша 536-шы, Ақтөбе өңірі бойынша 25-баспана кілті табысталып, игі іс-шараға РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев пен Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы арнайы қатысты. 8 баласы бар отбасыға табысталды. 

Аталмыш игі шара өңірдегі «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі және «Жарқын жүрек» еріктілер тобының атсалысуымен жүзеге асса, 3 бөлмелі пәтер 8 баласы бар Жұбатханов әулетіне берілді. Облыс бас имамы да, баспаналы болған отбасы да мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына атсалысқан жомарт жандар мен кәсіпкер азаматтарға, мешіт имамдарына алғысын білдірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру