РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

05 желтоқсан 2022 2263 0
Оқу режимі

ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев ресми іссапармен Астана қаласына келіп, бірқатар кездесулер өткізді.

Атап айтқанда, белгілі исламтанушы ғалым «Райса ана», «Ырыскелді қажы» және «Ғылмани» мешіттерінің жамағатымен жүздесіп, «Жастар және неке», «Қоғам тыныштығы», «Адал сауда» тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Сондай-ақ, Мүгедек балаларға арналған Спорт мектебі, №9 жасөспірімдер спорт мектебі, №5 спорт мектебінің түлектерімен де арнайы кездесіп, насихат айтты.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру