Ресей жеріндегі көне мешіт қалпына келтірілуде

15 қазан 2019 3867 0
Оқу режимі

Ресейдің Санк-Петербург қаласында орналасқан ескі мешіттің қайта қалпына келтіру жұмыстары таяп келеді. Құлшылық ордасының ескі қабырғалары тіктеліп, екінші қабатта орналасқан намаз залы ретке келтіріліп жатыр. Мешіттің ашылу рәсімі осы жылдың қараша айына жоспарланып отыр.

Аталмыш көне мешіт Ресейдің солтүстігіндегі ең ірі тарихи мұралардың бірі болып саналады. Жүргізіліп жатқан реставрация жұмыстарының негізгі мақсаты да осы тарихи жәдігерлікті сақтап қалу.

Пікірлер Кіру