Сансызбай Құрбанұлы «Нұр Астана» жамағатымен жүздесті (ФОТО)

22 мамыр 2019 1938 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Нұр Астана» мешітінде тарауық намазына қатысып, жұртшылыққа уағыз айтты, деп хабарлайды ummet.kz сайты.

«Нұр Астана» мешітінде жылдағы үрдіс бойынша елімізге танымал ұстаздар мен білікті исламтанушы ғалымдар кезек-кезек тарауық намазын, тақырыптық уағыздар айтуда. Осы шара аясында танымал исламтанушы ғалым, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы «Нұр Астана» мешітіне келіп, жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында тарауық намазында оқылатын «Мүминун», «Нұр» сүрелерінің қысқаша тәпсірі жайында тоқталып, «Мұсылмандардың сипаты» жайында уағыз айтты. Сонымен бірге, С. Құрбанұлы бүгінгі зайырлы қоғамдағы мұсылманның сипаты жайында ойларымен бөлісті.

 

Дереккөз: ummet.kz

Пікірлер Кіру