Сансызбай ұстаз Бас мешіт жамағатына уағыз жүргізді (ФОТО)

13 қыркүйек 2018 493 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі желісі үзілмеген жүйелі уағыз-насихат жұмысы мен оқу-ағарту ісі қыркүйек келісімен қайта жандана түсті. Жазғы демалыс кезінде бос қалған дәрісханалар лық толып, сабақ үйреткен ұстаз үні мен қосыла қайталаған шәкірттер дауысы құптан намазына дейін жалғасып, құлшылық ордасындағы тіршілік түрленіп сала бергендей болды.

Кеше осы бағыттағы жұмыстар аясында Бас мешіт жамағаты белгілі ғалым, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлымен кездесу өткізді. Ақшам намазынан соң жиылған жамағатқа мұсылман күнтізбесінің мән-жайын баяндаған ғалым жақында ғана есігін ашқан хижри жыл санауының 1440 жылына дейін шолу жасап өтті.

Уағызды мына  сілтемеден  көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру