Сарқыраған өзен жер астына сіңіп, жоқ болды (ВИДЕО)

14 ақпан 2019 6800 0
Оқу режимі

Индонезия мемлекетінің тұрғындары табиғаттың тосын қылығына тап болып, зәрелері ұшуда.Осыдан екі күн бұрын сарқырап ағып жатқан өзен суы аяқастынан жер астына сіңіп, ауыл тұрғындарының көз алдында жоқ болып кетті.

Елдің табиғи апаттармен күрес жөніндегі Ұлттық агенттік қызметкерлері жариялаған видеода өзен табанында шұңқыр пайда болып, судың жер астына ағып жатқаны түсірілген. Әлеуметттік желіде тарап кеткен бұл видео елдің зәресін ұшырып, ақырзаман келді деп байбаламдағандар көбейе түскен.

Айта кетейік, бұған ұқсас оқиға былтырғы Мексика мемлекетінде де орын алған болатын. Ғалымдар бұл тосын құбылыстың сырын жер асты қыртыстарының қозғалысы әсерінен болатынын айтады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру