САУД АРАБИЯ МИНИСТРІ: ЖАҢА МЕШІТ КЕЛБЕТІ МЕНІ ЕРЕКШЕ ТЕБІРЕНТТІ (ФОТО)

17 қыркүйек 2022 2619 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам, дағуат және тәлімгерлік істері министрі Абделлатиф бен Абдулазиз әл аш-Шейх мырзамен бірге елордадағы Республикалық бас мешіт ішін аралап, қадірлі қонаққа мешіт келбетін таныстырды.

Мұсылмандардың қаншама құлшылық орындарында болған жоғары лауазымды Абделлатиф мырза бас мешіт сәулетіне таңдай қағып, «Меккедегі Қағба орналасқан Әл-Харам мешітінен кейінгі келбетімен, әсемдігімен тебіренткен мешіт осы болды» деген жүрекжарды, тебіреністі әсерін жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру