Сауд Арабиясы палестиналықтардың қажылық жасауына тыйым салды

24 қыркүйек 2018 5806 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясы билігі Ливан аумағындағы палестиналықтардың қажылық жасауына тыйым салып отыр. Таяу Шығыс баспасөз құралдары хабарлағандай, Сауд Арабиясы Ливан жерінде тұрып жатқан және Палестина төлқұжаты жоқ палестиналықтарға виза беруді доғарған. Қазіргі уақытта визаға қол жеткізе алмағандардың саны 300 000 үстінде көрінеді.

Бұл жөнінде Палестина орталығының өкілдері алаңдаушылық білдіргенімен, корольдік тарапынан виза бермеудің себептері ашық айтылмаған. Айта кетейік, бұған дейін Сауд Арабиясы қажылық маусымы кезінде Иордания азаматтығын алған палестиналықтарға да виза бермеген болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру