Сауд Арабиясы шетелдік қажыларды тіркеуді бастады

27 желтоқсан 2023 984 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясында хижра жыл санауы бойынша қажылықтың жаңа маусымына дайындықты бастап кетті.

Аталған ел билігі 2024 жылғы қажылыққа шетелдіктерді ресми тіркеуді бастап кетті. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Саудияның ақпарат министрлігіне қарасты халықаралық коммуникациялық орталық (СІС) хабарлағандай, әлемнің әр түкпірінен өз отбасымен 1445/2024 қажылығына қатысуға Қажылық және умра министрлігінің "Nsuk Hajj" қосымшасы арқылы тіркеле алады.

Дереккөз: islam.kz

Пікірлер Кіру