Сауд королі марқұмдардың отбасына төрт жылдан соң өтемақы берді

17 қаңтар 2020 691 0
Оқу режимі

Естеріңізде болса, 2015 жылғы қажылық маусымы кезінде құрылыс краны құлап, 107 адамның ажалына себеп болған еді. Жүзден астам қажы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған болатын.

Арада төрт жарым жылға жуық уақыт өткенде ғана барып, сол қайғылы оқиға кезінде көз жұмған малайзиялық марқұмдардың отбасына Сауд Арабиясы тарапынан өтемақы төленіп отыр. Сауд королі Салманның жеке қазынасынан қайтыс болған 7 малайзиялық қажылардың отбасына 1 млн сауд риалы (267 000 доллар), ал жарақат алғандарға 500 000 риал көлемінде өтемақы берілген. Апта басында өткен арнайы кездесу барысында ақша чегін Сауд елшісі Махмуд Хусейн Саид Каттан табыс еткен.

Бұдан бөлек, марқұмдардың отбасына Малайзия Қажылық қорының есебінен 5 000 доллар және Ислами сақтандыру (такафул) жүйесі бойынша 5 000 доллар көлемінде өтемақы қоса берілген.

Айта кетейік, Мекке қаласындағы кран оқиғасына қатысты Саудия соты апат қызметкерлер қателігінен болмауы себепті Saudi Bin Laden Group компаниясын айыпты емес деп шешім шығарған болатын.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру