Сәуір айында Кувейтте халықаралық Құран жарысы өтеді

10 қаңтар 2019 996 0
Оқу режимі

Кувейт елінің Халықаралық қарилар сайысын ұйымдастыру орталығының төрағасы Фарид Имадинның мәлімдеуінше, Х халықаралық Құран жарысы осы жылдың сәуір айында болып өтетін болады. Бұл жайында жергілікті «Al-Siyasiyah» баспасөзі хабарлайды.

Хабарда келгеніндей, жарыс жеңімпаздарына 167 000 кувейт динары берілмек. Өткен жылы ІХ халықаралық Құран жарысына 79 мемлекеттен 130 қари қатысқан болатын. Ал, Х халықаралық Құран жарысының бір ерекшелігі, биылдан бастап жас қариларға да жарысқа қатысуға мүмкіндік туып отыр.​

Пікірлер Кіру