Серікбай қажы Ораз «Ақтөбе» медресе-колледжінің шəкірттерімен жүздесті (ФОТО)

26 қыркүйек 2018 6633 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысына жасаған сапары барысында Алға ауданында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжінің шəкірттерімен кездесті.

«Сіздер біздің діни саладағы болашақ имам, ұстаз, азаншы, ғалым, дін қайраткерісіздер. Қазір діни ілім іздеген мұсылманға барлық мүмкіндік жасалған. Өркениет пен прогресс - білім мен даналықта. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Білім мен хикмет - мұсылмандардың жоғалтқан қазынасы. Қай жерден тапса, иемденіп алсын», - деген. Сол білім мен даналыққа лайықты тұлғалар - сіздерсіздер. Əрбір сəттеріңізді оқумен, оны көңілге тоқумен өткізіңіздер», - деді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру