«Шамахсутов» шұжық цехы тексерілді (ФОТО)

23 қаңтар 2020 5293 0
Оқу режимі

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Тараз өңірі бойынша жауапты өкілі Нұрматжан Миразизов «Шамахсутов» шұжық цехында кезекті айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді.

«Шамахсутов» шұжық цехы – еліміздің оңтүстік аймағын шұжық өнімдерімен қамтып отырған ірі кәсіпорындардың бірі. Аталған мекеме «Шах», «Батыр», «Триумф», «Империя», «Бахруз», «Дәстүр» сауда белгілерімен шұжық түрлерін өндіреді.   

Тексеріс қорытындысы бойынша, «Шамахсутов» кәсіпорнындағы барлық шұжықтар ҚМДБ халал стандарт талаптарын толық сақтай отырып өндірілетіндігі анықталды.

Дереккөз: Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

Пікірлер Кіру