«ШЕЙХ КУНТА ҚАЖЫ» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

01 қараша 2022 2146 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Астана қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітіне бас имам тағайындалды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы имамдық қызметке жаңадан тағайындалған Өмірзақ Бекқожаны мешіт жамағатына таныстырып, Бас мүфти бұйрығын оқып берді.

Айта кетейік, Өмірзақ Қазкенұлы бұған дейін он жылға жуық Қарағанды облысының және орталық «Әнет баба» мешітінің бас имамы қызметін атқарған болатын.

Пікірлер Кіру