Шіркеу қызметкері мешіт құрылысы үшін жылу жинауда

01 ақпан 2020 734 0
Оқу режимі

Эфиопия мемлекетінің Оромия аймағында орналасқан Ланге қаласындағы Православтық шіркеу қызметкері Абба Аклилемариям Юниверс шаһардағы мешіт пен шіркеу ғибадатханасын қалпына келтіру үшін жұрттан жылу жинап келеді.

ВВС Africa арнасына берген сұхбатында Юниверс 2015 жылы осы қалаға алғаш келгенінде-ақ шіркеудің қирап тұрғанын көріп қынжылғанын айтады. Кейінірек қаладағы мешіттің де жағдайы мүшкіл екенін көрген ол сол кезден бастап құлшылық ордаларын қалпына келтіруге бел буған.

«Егер мен тек шіркеу құрылысы үшін ғана ақша жинап, мұсылман бауырларымның мешіті сол қалпында қала берсе, мен Құдайды ренжіткен болар едім. Біздің сенімдеріміз әртүрлі болғанымен, Жаратушыға деген махаббатымыз бір емес пе?!» – дейді ол.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру