Шөл даладағы 10 күндік сапарға шақырады

19 қыркүйек 2018 7276 0
Оқу режимі

Хамдан бин Мухаммед атындағы зерттеу орталығы БАӘ (Біріккен араб әмірлігі) тұрғындарын Camel Trek саяхатының бесінші кезеңіне қатысуға шақырып отыр. 10 күнге созылатын саяхат аясында қатысушылар түйемен шөл даланы кесіп өтулері тиіс.

Зерттеу орталығы барлық қатысушыларды ас-сумен және жатын шатырларымен қамтамасыз ететін болмақ. Сондай-ақ, медициналық жәрдем де көрсетіледі.

16-25 қаңтар аралығында өтетін кезеңнің тапсырмасы түйе түлігімен 500 шақырым жерді еңсерулері тиіс. Қазіргі уақытта тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру