Шри-Ланкадағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 300-ге жуықтады

22 сәуір 2019 5215 0
Оқу режимі

Шри-Ланка халқын канға бөктірген жойқын жарылыстың құрбандар саны сағат санап өсіп келеді. Қанды жексенбіде қаза тапқандардың жалпы саны қазіргі кезде 390-нан асып, жарақат алғандардың қатары 500-ге жуықтаған.

Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, лаңкестер Коломбо, Негомбо, Баттикалоа қаласындағы шіркеулер мен қонақ үйге шабуыл жасаған болатын. сондай-ақ, тәртіп сақшылары Бандаранаике әуежайынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны дер кезінде анықтап, бір жарылыстың бетін қайтарған екен.

Қазіргі уақытта жарылысты қандай ұйым жасағаны ресми анықталмады. Дегенмен, тергеу жұмыстары барысында 13 адамның тұтқынға алынғаны белгілі. Олардың ішінде жанкешті лаңкестерді оқиға орнына жеткізген көлік жүргізушілері де бар көрінеді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру