"СУЫҚ КҮНДЕ ЖЫЛУ СЫЙЛА" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНА "ӘС-СӘЛАМ" МЕШІТІ ДЕ АТСАЛЫСТЫ

19 қаңтар 2024 800 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен "Суық күнде жылу сыйла" қайырымдылық акциясына бүгін "Әс-Сәлам" мешіті де атсалысты.

Қасиетті жұма күні "Әс-Сәлам" мешітінде "Теміржолшылар" тұрғын алабының көшелерін тазалаушыларға мешіт асханасында дастархан жайылып, қайырымдылық ас берілді. Мешіт қызметкерлері көше тазалаушыларының жұмысына сәттілік тілеп, қытымыр қыс мезгілінде таңның атқаннан түн ортасына дейін қала тұрғындарының қозғалыс, қатынасына қолайлы жағдай жасау үшін аянбай еңбек етіп жүргені үшін алғыс білдірді.

 

Пікірлер Кіру