Сыр имамдары Түркістан шаһарында (ФОТО)

07 тамыз 2018 1455 0
Оқу режимі

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ел Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен құрылған Түркістан облысында ҚМДБ өкілдігін ашу туралы шешімі арқылы Елбасымыздың бастамасына қолдау білдірген еді.

Осы ретте, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы бастаған Сыр өңірінің имамдары бірауыздан аталмыш облыстағы өкілдікті зиярат ету мақсатында арнайы сапармен барды.

Өкіл имам бастаған имамдар ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары,  наиб мүфти Наурызбай Тағанұлымен кездесіп, рухани облыс орталығындағы жаңа өкілдіктің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Келелі кездесу барысында облыстағы діни ахуал жайлы сөз болып, қос тараптан алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасау, өзара тәжірибе алмасу, жаңа бастамаларды жүзеге асыру секілді ұсыныстар жасалды.

Төраға орынбасары өз кезегінде, бұл сапар - облыстағы діни ахуал тұрақтылығы мен дін қызметкерлерінің ауызбіршілігі адам қызығарлық дәрежеде екенінің дәлелі деп, сыр имамдары мен өкіл имамға ізгі ниеттері үшін алғысын білдіріп, облыс өкілдігінің бастамасын жоғары бағалады.

Киелі шаһардағы келелі кездесу түркі әлемінің рухани астанасында орналасқан Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне барып баба рухына Құран бағыштаумен аяқталды.

Пікірлер Кіру