«Талаба» жетекшісі Қазақстан елшісімен кездесті

15 сәуір 2022 2259 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілі әрі «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай Анкара қаласында Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі қызметіне жаңадан тағайындалған Еркебұлан Сәпиевпен кездесті.

Жандос Өмірзақұлы елшіні жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы атқаратын істеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, елшіге өкілдік пен «Талаба» қауымдастығының қызметін таныстырды.

Өз кезегінде Еркебұлан Сәпиев те Түркиядағы ҚМДБ өкілдігі қызметінің маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқарып, қолдау көрсететіндігін жеткізді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру