Тараздағы 5 кәсіпорынға халал сертификаты берілді (ФОТО)

24 мамыр 2022 383 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Тараз қаласына жасаған сапары барысында өңірдегі 5 кәсіпорынға ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің халал сертификатын табыстады.

Олар – «Науат» – дәмханасы, «Киш-Миш» дәмханасы үшін «Алиф» және «Шах» дәмхана-шұжық өнімдері, «Ристретто» дәмханасы үшін «Алиф» дәмханалар желісі, «ИП Пышка» жартылайфабрикат және кондитер өнімдері, «Тим» шұжық өнімдері компаниялары.

Бас мүфти кәсіпкерлерге ризашылық білдіріп, жылы лебізін білдірді. ҚМДБ Төрағасы аталған мекемелер жетекшілеріне арнайы дайындалған «BAS MÜFTİDIN SYİLYĞY» қорапшасы мен «Ихсан – рухани жаңғыру негізі», «Халал – шариғат талабы» кітаптары тарту етті.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру