Тарбағатайда медресе құрылысы басталды (ФОТО)

28 мамыр 2020 4166 0
Оқу режимі

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында медресе құрылысы басталды. Бұл туралы Ақжар ауылындағы «Байжігіт баба» мешітінің Бас имамы Аманкелді Жарасов хабарлады.

«Өңірдегі дін маманы тапшылығын шешу мақсатында шағын медресе құрылысын бастадық. Бұл іске ауыл халқы мен белсенді азаматтар атсалысып жатыр. Тарбағатай жері бұрыннан ата дініміздің алтын арқауы үзілмеген өлке болғандықтан асыл дініміздің оқу орны болуы маңызды. Алла қаласа жұмыс жоспарланған уақытта аяқталады», – деді Аманкелді Жарасов.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр.

Дереккөз: Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру