Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салынды

16 қараша 2018 8405 0
Оқу режимі

Түркияда темекі өнімдерін жарнама жасауға тыйым салу туралы заң күшіне енді. Бұл туралы Resmi Gazete республикалық газеті хабарлады.

Жаңа заңға сәйкес, енді Түркия территориясында темекі өнімдері мен тауарларына жарнама жасауға толықтай тыйым салынады. Бұдан бөлек темекі тауарларын БАҚ беттерінде оның ішінде кинофильмдерде, бейнеклиптерде және әлеуметтік желілер арқылы жариялауға да болмайды. Темекі өнімдерін өндіруші фирманың логотипін таңбалауға да қатаң тыйым салынады, яғни темекі қораптары біркелкі болмақ.

Еске сала кетсек, 2008 жылдан бері Түркияда қоғамдық орындарда тыйым шылым шегуге салынған болатын. Тыйымды бұзған жағдайда 88 лира, яғни 16 доллар айыппұл тағайындалған.

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру